Елорда жаңалықтары

Елордадағы 90 волонтер-медикке сертификаттар табысталды

«Еріктілер мектебі» - елорда әкімдігінің қолдауымен «Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жүзеге асырылған жоба. [caption id="attachment_44775" align="alignnone" width="800"] фото: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption] Бір апта ішінде 16-дан  24 жасқа дейінгі 90 жас маман алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйреніп, коронавирус пандемиясының жазғы толқынында стационарларда жұмыс істеген еріктілермен кездесіп, тәжірибелерін арттырды. «Еріктілер мектебі» аясында біз онлайн режимінде үш тренинг өткіздік. Білім алғандар волонтер-медик саласындағы жұмыстармен танысып, Ресей, Қырғызстан сияқты шетелдік еріктілермен танысып, жаздағы коронавирустық пандемия кезінде денсаулықсақтау орындарында жұмыс істеген қазақстандық волонтер медиктермен кездесті. Практикалық сабақтар кезінде түрлі жарақат алған науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деді жоба ұйымдастырушысы, «Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Әлижан Тұрсынтай. Оның айтуынша, «Еріктілер мектебі» курсынан өткендер алдағы уақытта стационарлар мен емханаларға медициналық қзметкерлерге көмекке тартылатын болады. [caption id="attachment_44776" align="alignnone" width="800"] фото: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption] Олардың сексен пайызы елордадағы медколледждің студенттері болса, қалғаны қаладағы орта арнаулы оқу орындарында оқитын, волонтер-медиктер қозғалысына қызығушылық танытатын студенттер. Медина Заурбек болашақ медик болмаса да, осы курстан өту кез келген ерікті үшін үлкен тәжірибе деп санайды. «Мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерімін. Бизнес және менеджмент колледжін дизайн мамандығы бойынша бітірдім. «Еріктілер мектебіне» өз ұйымымнан келдім. Біз әртүрлі жағдаймен ұшырасатындықтан, мұны оқу артықтық етпейді әрі волонтер жұмысына аса қажет. Курс өте ұнады, өзіме көп тәжірибе жинадым», - деді бойжеткен. Ұйымдастырушылар мұнымен тоқталмақ емес. Бір аптадан кейін волонтер-медик курсының екінші кезеңін Алматы қаласында оқытпақ.

-->