Елорда жаңалықтары

«QazExpoCongress» ҰҚ мен «Росконгресс» қоры ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Рәсім Қазақстан Республикасының вице-премьері Роман Склярдың және Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі, ШЭФ ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Антон Кобяковтың қатысуымен өтті. Сондай-ақ іс-шараға «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен «Росконгресс» қорының Басқарма төрағасы, директоры Александр Стуглев қатысты. Келісім Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының сарапшылар топтары арасында тиімді байланыс орнатуды көздейді.

-->

«Бұл келісім біздің ресейлік әріптестерімізбен ұзақмерзімді өзара іс-қимыл үшін қаланған іргетас және одан әрі қарай экономиканы дамытудың негізгі бағыттары бойынша ынтымақтастық құрылатын негізгі параметрлер мен қағидаттарды бекітеді деп санаймын», – деді Қайрат Төребаев.
«Қазақстандық әріптестерімізбен халықаралық деңгейдегі коммуникациялық алаңдарды, бизнес-қоғамдастықтар өкілдері арасындағы жаңа ұзақмерзімді әріптестік байланыстарды дамытуды, сондай-ақ инвестициялық-қаржы саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша диалог жүргізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Александр Стуглев.