«Астана Операда» Доменико Чимарозаның «Жасырын неке» операсының премьерасы өтеді
«Жасырын неке» операсының оқиға желісі махаббат туралы болғанымен, мұнда жас ғашықтардың жүрегін толқытатын дүниелерден басқа нәрселер де баяндалады. Бұл ақшаға және ақсүйектер атағына деген махаббат... Чимарозаның күлдіре алу қабілеті, жалынды музыкасы көрермендерге шытырман оқиғаның бақытты шешілуіне уәде береді.
Сценограф және костюмдер бойынша суретші Манана Гуниа «Жасырын неке» либреттосының қайнар көзі 120 жыл ішінде көптеген өзгертулерге ұшырап, Джованни Бертатидің қаламынан неаполитандық композитордың қолына түскен мольерлік «Сарайдағы тоғышар» екенін атап өтті. Шығарма камералық-лирикалық сипатқа ие бола отырып, Мольерге тән сатираның қатыгездігін жоғалтқанымен, ол қоғамда қалыптасқан әлеуметтік және мәдени қақтығыстың шиеленісін дәл және айқын көрсетеді. Операның француз революциясы қарсаңында жазылуының мәні бар және оның таптық астары айтарлықтай өзекті болған. Шығарманың түпнұсқасы мен түпнегізіне жуықтай түсуді ойлаған қойылымдық топ Чимароза жауһарын мүлде жаңаша баян етті.
-->«Жасырын неке» операсының оқиға желісі махаббат туралы болғанымен, мұнда жас ғашықтардың жүрегін толқытатын дүниелерден басқа нәрселер де баяндалады. Бұл ақшаға және ақсүйектер атағына деген махаббат... Чимарозаның күлдіре алу қабілеті, жалынды музыкасы көрермендерге шытырман оқиғаның бақытты шешілуіне уәде береді.
- Бұл операда көптеген күлкілі ансамбльдер: квартеттер, квинтеттер, терцеттер, барлық кейіпкерлер бейнесі қатысатын екі ауқымды финал бар. Операның музыкалық арқауы өте қызықты, онда аяқтың ұшымен жүрген қадамдарды естисіз, тіпті опера кейіпкерлерінің көзқарастарын байқай аласыз. Осының бәрін жеткізу – оркестр музыканттары үшін сөзсіз сезімтал әрі қызықты жұмыс, - деді қоюшы дирижер Абзал Мұхитдин.
Сценограф және костюмдер бойынша суретші Манана Гуниа «Жасырын неке» либреттосының қайнар көзі 120 жыл ішінде көптеген өзгертулерге ұшырап, Джованни Бертатидің қаламынан неаполитандық композитордың қолына түскен мольерлік «Сарайдағы тоғышар» екенін атап өтті. Шығарма камералық-лирикалық сипатқа ие бола отырып, Мольерге тән сатираның қатыгездігін жоғалтқанымен, ол қоғамда қалыптасқан әлеуметтік және мәдени қақтығыстың шиеленісін дәл және айқын көрсетеді. Операның француз революциясы қарсаңында жазылуының мәні бар және оның таптық астары айтарлықтай өзекті болған. Шығарманың түпнұсқасы мен түпнегізіне жуықтай түсуді ойлаған қойылымдық топ Чимароза жауһарын мүлде жаңаша баян етті.
- Біздің хикая қос ғашықтың махаббат машақаты мен тәлкегі туралы емес, Дон Джеронимо мен Граф Робинзон бейнелері арқылы көрсетілетін адам жаны сатылып, абыройы сатып алынатын арсыз әлемдегі буржуазия мен ақсүйектер тобының рухани әрі әлеуметтік тартысы туралы. Оқиға Францияның «Күн-король» билік еткен кезеңіне өтеді, декорациялар мен костюмдер стильге әсірелеп келтірілгеніне қарамастан ерте барокко стилін ұстанған. Оқиға орны Дон Джеронимо мекенінің маңайындағы сәнді бақ. Бұл шынайы емес, аллегориялық бақ. Ол үнемі түрленіп тұрады, саябақтан қалың лабиринтке немесе романтикалық шағын орманға, кең версаль саяжолдары оқшауланған қорқынышты тұзаққа айналады, бас кейіпкер дәл осы жерге тап болады, - деп атап өтті Манана Гуниа.
- Опералық спектакль жанры басқа аралас театрлық формалар тәрізді дәуірден-дәуірге үнемі жаңадан жасалу үдерісін бастан кешіреді. Музыка, әдебиет, поэзия, тарих, хореография, көркемдік формалар (сценография, костюмдер), актерлік шеберлікпен ұсынылған синтетикалық жанр бола отырып, опера жанры кезекті рет өзгеріске ұшыраған дәуірлік эстетикаға оңай бейімделеді, сөйте тұра өзінің әлеуметттік, моральдық және рухани өзектілігін жоғалтпайды. Әлбетте, әңгіме уақыт сынынан өтіп, ғасырлар арқылы бізге жеткен әлем театрлары сахнасындағы музыкалық-театрлық жауһарлар туралы болып отыр. Доменико Чимарозаның «Жасырын неке» операсы – пост-моцарттық кезеңдегі классикалық қағидалар дәстүрімен жазылған комедиялық операның (drama gioccoso) сәтті үлгісі. Операның музыкалық тілі жатық, таза, тілге жеңіл әрі көңілге қонымды. Бұл орындаушыларға спектакльдің актерлік жағына асқан ыждаһаттылықпен кірісуге мүмкіндік береді, - деді режиссер Алла Симонишвили.