Елорда жаңалықтары

Елордада дәрігерлерге арнап «Fortuna» шығармасы қойылды

Қайырымдылық концертінің қонағы ретінде мүмкіндігі шектеулі жандар, мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлер қатысты. Сахнада Еркеғали Рахмадиевтің, Мыңжасар Маңғытаевтың туындылары, сол сияқты Құрманғазының күйлері орындалды. К.Орфтың «Кармина Бурана» кантатасындағы «Fortuna» туындысы кештің сәнін арттырды. Бұл COVID-19-ға қарсы күрестің басты қаһармандары – медицина қызметкерлеріне арналды. Концерттік бағдарлама еліміздің Конституция күніне арналды. Сахнада сирек кездесетін, күрделі орындалатын шығармалар қойылды. Кеш Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Жаңа театр маусымын ашқан концерт санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң түрде сақтай отырып өтті. Көрермендер арасында қашықтық сақталды, келушілер «Ashyq» бағдарламасы бойынша кірді. Айта кетейік, «Астана Опера» театры – «Ashyq» бағдарламасының көшбасшысы. Ұжым қызметкерлері мен әртістері жаппай вакцинациялауды алғашқылардың бірі болып бастаған. Жаңа маусымға театр премьералар, концерттер, балалар бағдарламаларын және тағы басқаларды дайындап отыр.

-->