Бейбіт әлем: Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанына 30 жыл толды
Тарихи деректерге жүгіне кетейік, 1991 жылдың 29 тамызында еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша Семей ядролық полигоны жабылды. 2009 жылы Қазақстан БҰҰ Бас ассамблеясының Бірінші комитетіне 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынған болатын. 2010 жылы БҰҰ 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялаған еді. Айта кетейік, Кеңес құрамында Қазақстан жерінде 40 жылда 456 жерасты және жерүсті сынағы жасалды. Олардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 есеге асып түседі. Бүгінге дейін бүкіл жер бетінде жасалған барлық сынақтың 24 пайызы Қазақстан аумағында болған.
-->Тарихи деректерге жүгіне кетейік, 1991 жылдың 29 тамызында еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша Семей ядролық полигоны жабылды. 2009 жылы Қазақстан БҰҰ Бас ассамблеясының Бірінші комитетіне 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынған болатын. 2010 жылы БҰҰ 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялаған еді. Айта кетейік, Кеңес құрамында Қазақстан жерінде 40 жылда 456 жерасты және жерүсті сынағы жасалды. Олардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 есеге асып түседі. Бүгінге дейін бүкіл жер бетінде жасалған барлық сынақтың 24 пайызы Қазақстан аумағында болған.