Елорда жаңалықтары

Тоқаев Байденге көңіл айтты

-->
«Мен Кабул халықаралық әуежайындағы террорлық шабуыл салдарынан АҚШ әскери қызметшілері арасында көптеген адам қаза тауып, жараланғанына байланысты Қазақстан халқының атынан Президент Джо Байденге және Америка халқына шын жүректен көңіл айтамын. Америка Құрама Штаттары тарихтағы ең қиын эвакуациялық әуе тасымалын тиісті деңгейде аяқтайды деп сенемін. Қазақстан бұрынғыдай терроризмге қарсы күрестегі барлық негізгі халықаралық әріптеспен күш-жігерді біріктіруге ниетті» деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасына.