Елорда жаңалықтары

Паралимпиада: Қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдеге қол жеткізді

Атыраулық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Вугар Ширинлимен сынға түсті. Белдесу барысында алдымен В.Ширинли вазаримен алға шықты. Іле-шала Ә.Сариев таразы басын теңестірді. Жекпе-жек соңына таман әзербайжандық дзюдошы тағы бір вазари еншілеп, таза жеңіп кетті. Ә.Сариев Рио паралимпиадасына да қатысып, одан жүлдесіз қайтқан болатын. Енді, міне, бұл жолы күміс медальға қол жеткізіп отыр. Естеріңізге салайық, бұл – Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Кеше Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын жүлдені иеленген еді.  

-->