ІІМ: полиция эвакуацияланған елді мекендерді күзетуде
Оқиға орнына апаратын жолдар, соның ішінде "Тараз-Алматы" бағытындағы автожолдар мен теміржол уақытша жабылды.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі тексерілмеген немесе көрінеу жалған ақпаратты таратуға жол берілмейтіні туралы ескертеді.
-->Оқиға орнына апаратын жолдар, соның ішінде "Тараз-Алматы" бағытындағы автожолдар мен теміржол уақытша жабылды.
"Қазіргі уақытта Тараз қаласының мектептеріне 1 200-ге жуық адам - Байзақ ауданы Қайнар, Ботамойнақ, Жібек жолы ауылдарының және Үшбұлақ станциясының тұрғындары көшірілді. Жамбыл облысындағы әскери қоймада тұтану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 462-бабы (Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және тонауды болдырмау мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді қоршау және патрульдеу ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі тексерілмеген немесе көрінеу жалған ақпаратты таратуға жол берілмейтіні туралы ескертеді.