Нұр-Сұлтанда Сарыбұлақ өзенінде апта сайын экологиялық сенбілік ұйымдастырылады
Аумақты түрлі қоқыстан және қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ қоқыс жинау кезінде тоқыма, киім, матрац, көрпе, жастық заттары да табылды. Сондай-ақ, су беті тазартылып, жапырақтар мен ағаш бұтақтары жиналды, беткейлердегі артық өсімдіктер шабылды. Барлығы бір тоннаға жуық қоқыс жиналды. Естеріңізге сала кетейік, қоқыс пен басқа да қалдықтар заңсыз қоқыс полигондарының пайда болуына әкеледі. Сондықтан әкімдік қала тұрғындарын жергілікті жердің тазалығын қадағалауға және қоқысты арнайы бөлінген контейнерлерге тастауға, пикниктерден кейін қалдықтарын өзімен бірге алып кетуге шақырады.
-->Аумақты түрлі қоқыстан және қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ қоқыс жинау кезінде тоқыма, киім, матрац, көрпе, жастық заттары да табылды. Сондай-ақ, су беті тазартылып, жапырақтар мен ағаш бұтақтары жиналды, беткейлердегі артық өсімдіктер шабылды. Барлығы бір тоннаға жуық қоқыс жиналды. Естеріңізге сала кетейік, қоқыс пен басқа да қалдықтар заңсыз қоқыс полигондарының пайда болуына әкеледі. Сондықтан әкімдік қала тұрғындарын жергілікті жердің тазалығын қадағалауға және қоқысты арнайы бөлінген контейнерлерге тастауға, пикниктерден кейін қалдықтарын өзімен бірге алып кетуге шақырады.