Елорда жаңалықтары

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша қанша адам мақұлдау алды

2021 жылдың 12 сәуірінен 2021 жылдың 26 мамырына дейінгі аралықта (қоса алғанда) «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға 37 000-нан астам өтінім қабылданды. Өтініштерді бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Сенаты жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы жанындағы Халықты жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің ұсыныстары ескеріліп, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға басымдық беріледі. 2021 жылдың 16 тамызында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша негізгі тізімдегі үміткерлерді іріктеу кезеңі (төлем қабілеттілігін есептеу) аяқталды. Нәтижесінде негізгі тізімдегі 1 064 қатысушы Отбасы банкінен 12 млрд теңгеден астам сомаға заем алды. Атап айтқанда: 1) Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар - 703 адам (8,2 млрд теңге); 2) Көпбалалы отбасылар (оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» I және II дәрежелі наградалары бар немесе «Батыр ана» атағы бар көпбалалы аналар) - 282 адам (3,2 млрд теңге); 3) Толық емес отбасылар - 79 адам (880 млн теңге). Өңірлер бойынша несиенің басым бөлігін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары алды - 143, ізінше Алматы облысы - 112, Маңғыстау облысы - 94, Алматы қаласы - 91, Жамбыл облысы - 84, Ақтөбе облысы - 77, Қарағанды облысы - 74 және т.б. Негізгі тізімдегі тағы 2 991 қатысушы өзінің төлем қабілеттілігін растап, жалпы көлемі 35,5 млрд теңгеге қазіргі уақытта қолайлы баспана іздестіруде. Олардың ішінен: 1) Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар - 1 759 адам (20,9 млрд теңге); 2) Көпбалалы отбасылар (оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» I және II дәрежелі наградалары бар немесе «Батыр ана» атағы бар көпбалалы аналар) - 970 адам (11,6 млрд теңге); 3) Толық емес отбасылар - 262 адам (3 млрд теңге). 2021 жылдың 17 тамызында Банктің www.hcsbk.kz сайтына 12.04.2021 ж. бастап 25.05.2021 ж. дейін жолданған, алайда төлем қабілеттілігі расталмаған негізгі тізімдегі үміткерлердің барлық өтінімдері жойылды. Үміткерлердің болмауы, қатысу өтінімінің күші жойылуы, несиелік өтінімнің мақұлданбауы мен төлем қабілеттілігі расталмауы себептеріне сәйкес, негізгі тізімдегі үміткерлердің босаған орындарына резервтік тізімдегі үміткерлер шақырылады. Еске сала кетейік, негізгі тізімге енбеген үміткерлер резервтік тізімге негізгі тізім жасалатын тәртіпке ұқсас тәртіппен енгізілген. 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында резервтік тізімінен құрылған кандидаттарды жаңадан іріктеу кезеңі (төлем қабілеттілігін есептеу) басталады.

-->