ӘМСҚ-ның елорда филиалына І жартыжылдықта 76 мыңнан астам өтініш түскен
Ал СРМ Айкей-де 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 1165 шағым тіркелген. Бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылар саны артқан кезде Қордың қызмет жеткізуші медицина ұйымдарында жоспарлы көмектің сапасы мен қолжетімділігі бойынша тұрғындар тарапынан түскен шағым 40,1 пайызға артқан.
Еске сала кетсек, шағымдар мен өтініштердің ең көбі 1406 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы түседі. Олар санаты мен күрделілігіне қарай ақпаратты өңдеудің үш деңгейлі моделі бойынша қаралады және бөлінеді. Бірінші деңгейге консультативтік сипаттағы мәселелер, ал екінші және үшінші деңгейге егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер кіреді. Қор филиалының мамандары медициналық ұйыммен байланысып, ақпарат сұратып, медициналық көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.
-->Ал СРМ Айкей-де 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 1165 шағым тіркелген. Бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылар саны артқан кезде Қордың қызмет жеткізуші медицина ұйымдарында жоспарлы көмектің сапасы мен қолжетімділігі бойынша тұрғындар тарапынан түскен шағым 40,1 пайызға артқан.
«Қазір пациенттер өз медициналық ұйымдарында тиісті көңіл бөлінбегендіктен, Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына жүгініп, өз құқықтарын қорғауға, мәселелерін шешу жолдарын Қор арқылы іздеуге мәжбүр», - дейді ӘМСҚ елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.