Елорда жаңалықтары

Қазақстандық құтқарушылар Түркиядан оралды

Әуежайда құтқарушыларды Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффетс, "Қазавиақұтқару" АҚ қызметкерлері және құтқарушылардың туыстары қарсы алды.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркияға орман өрттерімен күресу үшін Қазақстан ТЖМ күштері үш мемлекеттің шекарасын кесіп өтіп, Каспий және Қара теңіз, Кавказ таулары арқылы 4 500 шақырымды еңсерген.

-->

"ТЖМ жеке құрамы өз алдына қойылған міндеттерді толық орындай алды. Орман алқабында тараған өртпен күресу үшін құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс жүргізді. Жұмыс басталғаннан бері орман өрттерінің ошақтарына барлығы 300 тоннадан астам су 80 рет жіберілді. Тікұшақтар Даламан қаласының маңында жұмыс істеді", - делінген хабарламада.