Елорда жаңалықтары

Елорда спортшылары қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және екпе алуға шақырады

Қазіргі уақытта қала тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуы үшін тиісті жағдайлар жасалуда. Бұл жұмыс өз нәтижесін беріп отыр: спорт секцияларына қатысатындар, ашық алаңдарда жаттығатындар қатары артып келеді.

Спортшылар жұртшылықты спортпен белсенді түрде айналысуға, сондай-ақ вакцинациядан өтуге шақырады. Осының нәтижесінде шектеулерді алып, қалыпты өмірге оралуға болады.

Спортшы Аяулым Төлеутаева да вакцинацияның маңызын атап өтті:

Елордада 24 тамыздағы жағдай бойынша КВИ вакцинасының бірінші компонентін 400 мыңға жуық адам алса, 317 мыңға жуық азамат толық имундаудан өтті.

-->

«Кешқұрым уақытта серуендеу үшін саябаққа, сол сияқты спорт орталықтарына барсаңыз, спортпен айналысып жүрген адамды көп кездестіресіз. Үлкен кісілер де, жастар да өз денсаулығын күтетіні қуантады. Саябаққа барып, спортпен айналысуыңызға болады, ол үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Жаңа саябақтар ашылды, уақытылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мұның бәрі қала тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып отыр», - дейді спортшы Еркін Бұхарбаев.

Спортшылар жұртшылықты спортпен белсенді түрде айналысуға, сондай-ақ вакцинациядан өтуге шақырады. Осының нәтижесінде шектеулерді алып, қалыпты өмірге оралуға болады.

«Жеңіл атлетикамен бес жылдан бері айналысып келемін. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұртты вакцинациядан өтіп, спортпен шұғылдануға шақырамын», - деді елордалық жеңіл атлет Рауан Қайырхан.

Спортшы Аяулым Төлеутаева да вакцинацияның маңызын атап өтті:

«Баршаңызды спортпен тұрақты айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және карантин кезеңінде вакцинациядан өтуге шақырамын. Осылайша денсаулығымызды да, қауіпсіздігімізді де сақтаймыз. Сондай-ақ сүйікті ісімізбен айналысып, емін-еркін жүріп-тұра аламыз».

Елордада 24 тамыздағы жағдай бойынша КВИ вакцинасының бірінші компонентін 400 мыңға жуық адам алса, 317 мыңға жуық азамат толық имундаудан өтті.