Коронавирусқа қарсы ең көп екпе салдырған елдер анықталды
Әлемде COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 4 миллиард 970 миллионнан астам дозасы егілді. Вакцина дозаларының ең көп саны Қытайда қолданылған (1 млрд 950 млн доза). Одан кейінгі орындарда Үндістан (580 миллион 770 мың), АҚШ (362 миллион 660 мың) және Бразилия (176 миллион 620 мың доза) тұр. Еске сала кетсек, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 212 миллион 669 мыңнан асты. Қауіпті вирус салдарынан 4 миллион 445 мыңнан астам адам қайтыс болды.
-->Әлемде COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 4 миллиард 970 миллионнан астам дозасы егілді. Вакцина дозаларының ең көп саны Қытайда қолданылған (1 млрд 950 млн доза). Одан кейінгі орындарда Үндістан (580 миллион 770 мың), АҚШ (362 миллион 660 мың) және Бразилия (176 миллион 620 мың доза) тұр. Еске сала кетсек, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 212 миллион 669 мыңнан асты. Қауіпті вирус салдарынан 4 миллион 445 мыңнан астам адам қайтыс болды.