Қонақүй қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін – зерттеу
2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында туризм саласының бір жұмысшысы орташа есеппен 822,3 сағат жұмыс істеген, бұл республикадағы орташа көрсеткіштен 8%-ға аз. Жылдың екінші тоқсанында туризм мамандарының орташа айлық жалақысы 188,5 мың теңгені құраған, 2020 жылғы екінші тоқсанға қарағанда бірден 78,2%-ға көп. Салыстыру үшін айтсақ, коронавирус өршіген 2020 жылғы екінші тоқсанда туризм саласы қызметкерлерінің айлық еңбекақысы 46,9%-қа азайып, небәрі 105,8 мың теңгені құраған. Жаңа мамандықтар атласы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, салалық сарапшылардың пікірінше, 2020 жылы елде туристік дестинациялардың бренд-менеджері (туризм, тарих және мәдени мұра, туристік дестинацияларды насихаттау маркетингі және туристік қызметтерді тұтынушылар психологиясы салаларынан хабары бар маман), интеллектуалдық туристік платформаларды әзірлеуші (турларды автоматты таңдауға, билеттер мен қонақүйді брондауға, онлайн-төлем қабылдауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды, жүйелерді және платформаларды жасайтын маман) және туристік бағдарлар навигаторын әзірлеуші (туристердің жол табуын жеңілдететін бағдарламалар мен қосымшаларды жасайтын маман) секілді жаңа мамандықтар пайда болуы керек-тін. Ал 2025 жылы Қазақстанда агротуризм менеджері, туризм саласындағы Big Data сарапшысы, туристік-рекреациялық аймақтарды жобалаушы, 2030 жылға қарай иммерсивті дизайнер (адамды виртуалды кеңістікке кіргізетін шоу немесе саяхатты ұйымдастыратын маман), медициналық және қолжетімді туризм менеджері, VR-құрылғылар операторы сияқты мамандар сұранысқа ие болады. Сондай-ақ 2025 жылға дейін ыдыс-аяқ жуушы, билетке тапсырыс қабылдайтын агент, (қонақүйде, кемпингте, пансионатта) қабаттар кезекшісі, билеттерді брондау операторы, тур-агенттіктердегі кеңсе менеджерлері еңбек нарығынан ығысады деп болжанып отыр.
-->2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында туризм саласының бір жұмысшысы орташа есеппен 822,3 сағат жұмыс істеген, бұл республикадағы орташа көрсеткіштен 8%-ға аз. Жылдың екінші тоқсанында туризм мамандарының орташа айлық жалақысы 188,5 мың теңгені құраған, 2020 жылғы екінші тоқсанға қарағанда бірден 78,2%-ға көп. Салыстыру үшін айтсақ, коронавирус өршіген 2020 жылғы екінші тоқсанда туризм саласы қызметкерлерінің айлық еңбекақысы 46,9%-қа азайып, небәрі 105,8 мың теңгені құраған. Жаңа мамандықтар атласы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, салалық сарапшылардың пікірінше, 2020 жылы елде туристік дестинациялардың бренд-менеджері (туризм, тарих және мәдени мұра, туристік дестинацияларды насихаттау маркетингі және туристік қызметтерді тұтынушылар психологиясы салаларынан хабары бар маман), интеллектуалдық туристік платформаларды әзірлеуші (турларды автоматты таңдауға, билеттер мен қонақүйді брондауға, онлайн-төлем қабылдауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды, жүйелерді және платформаларды жасайтын маман) және туристік бағдарлар навигаторын әзірлеуші (туристердің жол табуын жеңілдететін бағдарламалар мен қосымшаларды жасайтын маман) секілді жаңа мамандықтар пайда болуы керек-тін. Ал 2025 жылы Қазақстанда агротуризм менеджері, туризм саласындағы Big Data сарапшысы, туристік-рекреациялық аймақтарды жобалаушы, 2030 жылға қарай иммерсивті дизайнер (адамды виртуалды кеңістікке кіргізетін шоу немесе саяхатты ұйымдастыратын маман), медициналық және қолжетімді туризм менеджері, VR-құрылғылар операторы сияқты мамандар сұранысқа ие болады. Сондай-ақ 2025 жылға дейін ыдыс-аяқ жуушы, билетке тапсырыс қабылдайтын агент, (қонақүйде, кемпингте, пансионатта) қабаттар кезекшісі, билеттерді брондау операторы, тур-агенттіктердегі кеңсе менеджерлері еңбек нарығынан ығысады деп болжанып отыр.