Елорда жаңалықтары

«Дельта» вакцина алмағандар арасында тез таралады – ғалым

Бүкіл әлемде вакцинация коронавирустық пандемиямен күресудің жалғыз, тиімді әдісі ретінде саналады. Алайда, халықты жаппай иммундауға қарсылық танытып жатқандар да бар. Олар өзгелерді үгіттеп, ғылыми расталмаған мәліметтерін келтіреді. Оның айтуынша, вакцинацияланған адамдар да коронавирус жұқтыруы мүмкін. Ғалым қазіргі жағдайды орман өртінің ошақтарымен салыстырды.

Айта кету керек, вакцинацияның арқасында ғана қоғам қалыпты өмірге орала алады. Сонымен қатар, вакцинацияланған және вакцинацияланбаған азаматтар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: Маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы және т.б. Бүгінгі таңда елордада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 400 мыңға жуық адам алды, 310 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.

-->

«Бұл жағдай жылдам тұтанатын құрғақ ағаштардың есебінен тез таралатын орман өртінің ошағына ұқсауы мүмкін. Олардың арасында бүршік жарып келе жатқан жасыл тұстары да болады. Міне індет ошағы да тура осылай: вирус вакцина алмағандар арасында жылдам таралады. Бірақ вакцина алғандарға да жұғуы мүмкін. Қоғамда вакцина алғандар қатары аз болған сайын вирус та екпеге қарсы тұруы үшін мутацияланады. Бұл өрт кезінде аздап су сеуіп, түтін пайда болған секілді. Өрт ошағын жаңбыр мен оның қоршауы ғана тоқтата алады. Эпидемиологиялық ошақ та дәл сондай. Вирусты жеңу тек жаппай вакцинацияланғанда, сол сияқты маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтағанда ғана мүмкін. Әлемде коронавирустық жағдайды қазір вакцинацияланбағандар пандемиясы деп атауға болады. Өйткені, «Дельта» нұсқасынан туындаған инфекция негізінен вакцинацияланбаған адамдар арасында белсенді түрде таралады. Олар пандемияның өте қауіпті кезеңінде өздері ауырып қана қоймай, инфекцияға бейім адамдарға, соның ішінде созылмалы аурулары бар адамдарға, қарттарға, балалар мен жасөспірімдерге жұқтыру мүмкін», - дейді иммунолог Алмаз Шарман.