Джинс бояғышының әсерінен Африка өзендері көк түске енді
Зерттеу авторларының мәлімдеуінше, джинс маталарға арналған бояғыштың әсерінен Лесото өзені көк түске енген, ал Танзаниядағы Мсимбази өзенінің кей тұстарында pH деңгейі 12-ні құраған – бұл химиялық ағартқыштардың қышқылдығымен бірдей. Зерттеуге сүйенсек, H&M, Zara және ASOS секілді масс-маркеттегі бірқатар бренд еңбек күші арзан, сондай-ақ салықтық жеңілдіктер бар болуы себепті өз өндірістерін Африка елдеріне орналастырады. Өздерінің айтуынша, бұл елдердегі киім өндірісі экономиканың аяқтан тұруына көмектеседі.
-->Зерттеу авторларының мәлімдеуінше, джинс маталарға арналған бояғыштың әсерінен Лесото өзені көк түске енген, ал Танзаниядағы Мсимбази өзенінің кей тұстарында pH деңгейі 12-ні құраған – бұл химиялық ағартқыштардың қышқылдығымен бірдей. Зерттеуге сүйенсек, H&M, Zara және ASOS секілді масс-маркеттегі бірқатар бренд еңбек күші арзан, сондай-ақ салықтық жеңілдіктер бар болуы себепті өз өндірістерін Африка елдеріне орналастырады. Өздерінің айтуынша, бұл елдердегі киім өндірісі экономиканың аяқтан тұруына көмектеседі.
«Жаһандық брендтер өз жұмысын тиімдірек етудің басқа жолдарын ойластыруы керек шығар, әзірге олардың Африкада өндіріс процесін жүргізуі табиғаттың ластануы, ауыз судың тапшылығы және зауыт жұмысшыларының нашар жағдайда жұмыс істеуі деген секілді мәселелермен күресте еш нәтиже берген жоқ», – дейді Water Witness International директоры әрі әлгі зерттеу авторларының бірі Ник Хепворт.