Елорда жаңалықтары

Тұманды Альбионға тікелей рейстер қайта ашылады

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Хитроу халықаралық әуежайына рейстер биылғы 18 қыркүйектен бастап қайтадан іске қосылады. Рейстер аптасына екі рет, сәрсенбі және сенбі күндері жүргізіледі. Жолаушылар ұзақ жолға арналған A321LR әуе лайнерінде тасымалданады. Лондонға дейін ұшу ұзақтығы 7 сағат 15 минутты құраса, қайтар жолда – 6 жарым сағат. Барып-келу билеттің құны 284 535 теңгеден басталады. Еске салайық, Ұлыбританияға ұшатын жолаушыларда азаматтығы мен вакцинация статусына қарамастан коронавирусқа қарсы ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі болуы керек. Тест ұшардан кемінде үш күн бұрын тапсырылыр, Ұлыбританияның барлық талабына толықтай сай келуі тиіс.

-->