Елорда жаңалықтары

Алтынсаринге бас қаладан үлкен көше беріп, ескерткіш ашу ұсынылды

Еске сала кетсек, бүгін ол Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай арнайы велошеру ұйымдастырған еді. Сөйтіп, таңертең 5 әуесқой велосипедші Нұр-Сұлтаннан Қостанайға бағыт алды.

-->
«Ыбырай Алтынсаринды қазақтың тұңғыш педагогы ретінде бәріміз білеміз. Ағартушы тұлғаның отандық білім саласында алатын орны ерекше. Дегенмен Нұр-Сұлтан қаласында әлі күнге дейін аталған тұлғаға ескерткіш қойылмаған. Көше бар, оның өзі кішкентай, бар-жоғы 700 метр, айтулы тұлға үшін бұл көше лайықты емес деп ойлаймын. Халық тағзым етіп, гүл шоғын қоятын арнайы ескерткіштің болғаны абзал. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл, жаңа елордамыз болғалы 20 жылдан асты. Осы орайда Ыбырай Алтынсаринге елорда төрінен ескерткіш қойылып, көрікті әрі кең көше атауы берілсе деген ұсыныс бар. Шүкір, елордамыз жыл санап кеңейіп келе жатыр, жыл сайын үйлер мен ғимараттардың саны артып, тиісінше жаңа көшелер де пайда болып жатыр. Сондықтан жаңа әрі кең көше табу мәселе емес деп ойлаймын», - деді елордалық белсенді.