Елорда жаңалықтары

Қазақстандықтар айына қанша литр тәтті сусын ішеді?

Өңірлерге шақсақ, жалпы өндірістің 41,9%-ы Алматы облысына тиесілі: мұнда жарты жылда 13,3 млн литр шырын өндіріліпті, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,7 есе көп. Биыл елімізде 1,9 млн литр көкөніс шырыны шығарылды, бұл былтырға қарағанда 9,6%-ға аз. Өндіріс көлемінің барлығын дерлік (1,9 млн литр) қызанақ шырыны құрайды: 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6,7%-ға төмен. Жеміс-жидек шырынын өндіру көлемі 29,9 млн литрге жетіп, жылына 5,7%-ға өсті.  Апельсин шырыны – 50,4%-ға (12,6 млн литрге), ананастан жасалған сусын 11,6%-ға (1,3 млн литрге) артты. Ал алма шырыны, керісінше, – 12,9%-ға (6,5 млн литрге), жеміс шырындарының қоспасы 10,8%-ға (7,4 млн литрге) азайды. 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларының нәтижесі бойынша, жергілікті компаниялар жеміс-көкөніс шырынына сұраныстың (ішкі нарықта сату және экспорт) 56%-ын қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын аталмыш көрсеткіш 57,3% болған-ды. Ал шырын импорты 44%-ды құрады. Елімізге 23,3 млн литр шырын әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5%-ға көп. Сектордағы экспорт көлемі мардымсыз. Биыл ішкі нарықта 52,5 млн литр шырын сатылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға аз. Оны әр айға шаққанда шамамен 10,5 млн литр шығады. Демек бір қазақстандық айына орташа есеппен 0,55 литр шырын ішеді. Ал бағаларға келсек, 2021 жылғы шілде айының соңында көкөніс және жеміс шырыны бір айда 0,8%-ға, ал жылына 7,6%-ға қымбаттады. Оның ішінде жеміс шырынының бағасы бір жылда 7,6%-ға, көкөніс шырынының бағасы 8%-ға өсіп отыр. Жеміс шырыны ең қатты қымбаттаған өңірлердің қатарына Шығыс Қазақстан (жылына 15,3%), Атырау (14,9%) және Қостанай (12,7%) облыстары кіреді. Ал көкөніс шырыны Атырау (14,5%), Шығыс Қазақстан (12,3%) облыстары мен Алматы қаласында (12%) қаттырақ қымбаттаған.

-->