Елорда жаңалықтары

Жергілікті өзін-өзі басқару елді мекеннің өзекті мәселелерін шешу үшін маңызды - сарапшы

Мысалы, Президент жаңындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Ермек Тоқтаров ҚазАқпаратқа берген жауабында жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі реформалаудың тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу қажеттілігі орталықсыздандыру қисынынан туындағанын айтты.

Сонымен қатар, жергілікті жерлерде басқарудың дербестігін нығайту жөніндегі шаралар кешеніне төртінші деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру да жатады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды өз елді мекенінің өзекті мәселелерін шешу үшін ресурстармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл үшін жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілігінің қарамағына активтер, коммуналдық мүлік және тиісінше оларды жергілікті қоғамдастықтың мүддесі үшін иелік ету құқығы берілмек. Салық түсімдерінен алынған қаражат та енді жергілікті қоғамдастық өкілдері қабылдайтын аумақтық даму жоспарларын іске асыруға жұмсалады.

-->

«Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының тиімділігі мен ұтқырлықығын арттыру үшін қосымша өкілеттіктерге мұқтаж. Ол үшін аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға көшу жүзеге асырылды. Ал 2024 жылдан бастап аудан әкімдерінің сайлауы өткізіледі. Бұл азаматтарды жергілікті мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру процесіне тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қабылданған реформалар жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары арасындағы өкілеттіктер мен функцияларды ажыратуға ықпал ететін болады. Реформаны іске асырудың арқасында азаматтық қоғамның дербестігі артады, жергілікті қоғамдастықтардың белсенді өкілдері үшін елді мекенді абаттандыру бойынша өз идеяларын іске асыруға мүмкіндіктер туғызады», - дейді ол.

Сонымен қатар, жергілікті жерлерде басқарудың дербестігін нығайту жөніндегі шаралар кешеніне төртінші деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру да жатады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды өз елді мекенінің өзекті мәселелерін шешу үшін ресурстармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл үшін жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілігінің қарамағына активтер, коммуналдық мүлік және тиісінше оларды жергілікті қоғамдастықтың мүддесі үшін иелік ету құқығы берілмек. Салық түсімдерінен алынған қаражат та енді жергілікті қоғамдастық өкілдері қабылдайтын аумақтық даму жоспарларын іске асыруға жұмсалады.

«Тұжырымдама өкілді органның функцияларын атқаратын сайланбалы Кеңес органын құруды көздейді. Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін бекітеді, оның орындалуын бақылайды, сондай-ақ салықтар мен төлемдердің ставкаларын реттейді. Тиісінше, төртінші деңгейдегі бюджеттерге қосымша толықтыру көздері қажет болады. Қазір меншікті кірістер бюджеттің осы деңгейіндегі шығыстардың 13,4 пайызын ғана жабады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс базасы 7 салықпен және төлеммен толықтырылады. Оның ішінде бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, жер учаскелерін сатудан келетін түсімдер және басқалар бар», - дейді сарапшы.