Президент Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасын бекітті
Тұжырымдаманы іске асыру азаматтардың жергілікті деңгейде мемлекетті басқарудағы рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары дербестікке және жергілікті маңызы бар мәселелерді жедел әрі тиімді шешуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ 2023 жылы жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру және олардың қызметі мәселелерін реттейтін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң қабылдау, 2021-2025 жылдар ішінде 2021 жылғы екінші жартыжылдықтан бастап 2025 жылғы бірінші жартыжылдыққа дейін жергілікті тұрғындардың 2,5 мың ауылдық округ әкімдерінің тікелей дауыс беруі арқылы қайта сайлау, барлық ауылдық округтерде 2024 жылдан бастап Кеңес өкілді органының қызмет етуі, 2022 жылы барлық деңгейдегі мәслихат отырыстарын онлайн-трансляциясымен қамту, 2024 жылдан бастап облыстарда аудандар әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу, 2025 жылға қарай жергілікті өзін-өзі басқару органдарының интернет-ресурстарын құру көзделген.
-->«Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілсін», - делінген Қ.Тоқаевтың Жарлығында.