«Жұмыс істей беріңіздер...»: Қазақстан елшілігін тәліптер күзетіп тұр
Сондай-ақ ол Кабулдағы Қазақстан елшілігінің қазіргі ахуалын баяндады.
-->«Талибанды біз мойындаған жоқпыз. Кеше Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы ахуалға байланысты ресми мәлімдеме жасағанын білесіздер. Отандық ақпарат құралдарында ол жарияланды. Біз бұл елдегі ахуалды мұқият бақылап отырмыз. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің инклюзвиті және презентативті үкімет құру, аз ұлттар мен әйелдердің құқығын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық заңнаманы сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз. Бұл ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа үкіметімен жасалатын келіссөздердің бастауы болуы керек», - деді СІМ өкілі.
Сондай-ақ ол Кабулдағы Қазақстан елшілігінің қазіргі ахуалын баяндады.
«Елшіліктің ақпараты бойынша, талибандықтар Кабулға кірген кезде бір бөлігі біздің елшілік орналасқан аумақты басып алған. Бұл кезде полиция Кабулды тастап шыққан болатын. Біздің елші сыртқа шығып, талибан өкілдерімен сөйлескен. Олар елшіден кім екенін сұраған. Ол бұл мекеме Қазақстан Елшілігі екенін айтқан. «Ештеңеден қорықпаңыздар! Бұрын қалай жұмыс істесеңіздер, солай жұмыс істей беріңіздер. Сіздер біздің күзетіміздесіздер», - деген екен. Содан бері біздің елшілік солардың күзетінде. Әзірге байланыс осындай деңгейде ғана», - деді Ақан Рахметуллин.