Қазақстандықтар жылына сыраға қанша ақша жұмсайды?
Қаржы және нарықты зерттеумен айналысатын америкалық Expansivity басылымының мәліметінше, ең қымбат сыра Катарда. Онда көлемі 0,33 л болатын бөтелкедегі сыраның орташа бағасы – 11,26 доллар (4 794 теңге, 1 теңге – 425,74 доллар) тұрады. Ең арзан сыра ОАР-да, ондағы сыраның орташа бағасы – 1,68 доллар (715,25 теңге). ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында Ресейдегі сыраның бағасы Қазақстанға қарағанда айтарлықтай жоғары. Рейтинтге РФ 11-орында тұр. Елімізбен салыстырғанда сыра Беларусьте қымбаттау, бұл ел тізімде 31-орында. Сыра Әзербайжанда (38-орын), Арменияда (40-орын), Украинада (57-орын) арзан. Сыраны тұтынудың (бір адамға) ең жоғары көрсеткіші Чехияда тіркелген: мұнда орта есеппен әр адам жылына 154,6 литр сыра ішеді. Орташа шығынның ең жоғары көрсеткіші Германияда: немістер сыраға орта есеппен 1907,78 доллар (812 225 теңге) жұмсайды. Қазақстанда көрсеткіштер төмен: бір адамға 29,3 литрден келеді, ел тұрғындары жылына сыраға орта есеппен 305,23 доллар (129 852 теңге) жұмсайды. Ресейде көрсеткіштер айтарлықтай жоғары: бір адамға 87,4 литр келеді, ал жылына олар орта есеппен сыраға 1 345,8 доллар (572 966 теңге) жұмсайды. 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта елімізде 358,7 млн литр сыра өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға артық. Сыра өндірісінің 94%-ға жуығы 4 өңірдің үлесінде: Алматы (164,3 млн литр, бір жылда +7,8%), Алматы облысы (85,7 млн литр, бір жылда +10,7%), Қарағанды облысы (51,6 млн литр, бір жылда +8,3%) және Қостанай облысы (34,1 млн литр, бір жылда +1,8%). 2020 жылы Қазақстанда 692,5 млн литр сыра өндірілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға көп. Биыл бес айдың қорытындысы бойынша жергілікті сыра қайнату компаниялары сұраныстың 92,6%-ын қамтамасыз етіп, импортқа өнімнің 7,4%-ын жіберген. Өткен жылғы осы кезеңде импорттың үлесі біршама көп болған (8,1%). 2021 жылғы бес айда ішкі нарықта 302,2 млн литр сыра сатылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5%-ға артық. Шілденің қорытындысы бойынша сыра бір айда 1%, бір жылда 6,6% қымбаттаған.
-->Қаржы және нарықты зерттеумен айналысатын америкалық Expansivity басылымының мәліметінше, ең қымбат сыра Катарда. Онда көлемі 0,33 л болатын бөтелкедегі сыраның орташа бағасы – 11,26 доллар (4 794 теңге, 1 теңге – 425,74 доллар) тұрады. Ең арзан сыра ОАР-да, ондағы сыраның орташа бағасы – 1,68 доллар (715,25 теңге). ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында Ресейдегі сыраның бағасы Қазақстанға қарағанда айтарлықтай жоғары. Рейтинтге РФ 11-орында тұр. Елімізбен салыстырғанда сыра Беларусьте қымбаттау, бұл ел тізімде 31-орында. Сыра Әзербайжанда (38-орын), Арменияда (40-орын), Украинада (57-орын) арзан. Сыраны тұтынудың (бір адамға) ең жоғары көрсеткіші Чехияда тіркелген: мұнда орта есеппен әр адам жылына 154,6 литр сыра ішеді. Орташа шығынның ең жоғары көрсеткіші Германияда: немістер сыраға орта есеппен 1907,78 доллар (812 225 теңге) жұмсайды. Қазақстанда көрсеткіштер төмен: бір адамға 29,3 литрден келеді, ел тұрғындары жылына сыраға орта есеппен 305,23 доллар (129 852 теңге) жұмсайды. Ресейде көрсеткіштер айтарлықтай жоғары: бір адамға 87,4 литр келеді, ал жылына олар орта есеппен сыраға 1 345,8 доллар (572 966 теңге) жұмсайды. 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта елімізде 358,7 млн литр сыра өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға артық. Сыра өндірісінің 94%-ға жуығы 4 өңірдің үлесінде: Алматы (164,3 млн литр, бір жылда +7,8%), Алматы облысы (85,7 млн литр, бір жылда +10,7%), Қарағанды облысы (51,6 млн литр, бір жылда +8,3%) және Қостанай облысы (34,1 млн литр, бір жылда +1,8%). 2020 жылы Қазақстанда 692,5 млн литр сыра өндірілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға көп. Биыл бес айдың қорытындысы бойынша жергілікті сыра қайнату компаниялары сұраныстың 92,6%-ын қамтамасыз етіп, импортқа өнімнің 7,4%-ын жіберген. Өткен жылғы осы кезеңде импорттың үлесі біршама көп болған (8,1%). 2021 жылғы бес айда ішкі нарықта 302,2 млн литр сыра сатылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5%-ға артық. Шілденің қорытындысы бойынша сыра бір айда 1%, бір жылда 6,6% қымбаттаған.