Теңге бағамының әлсіреуіне сыртқы факторлар соққы болып отыр
Мұнайдың арзандап, доллардың қымбаттауы дамушы нарықтардағы валюталардың әлсіреуіне әкеп соқты. Әсіресе мұнай экпорттаушы елдердің ақшасы (ресейлік рубль, америкалық песо, канадалық доллар) АҚШ долларына шаққанда құнсыздау. Олардың қатарында біздің теңге де бар. Жалпы, оның барлығы – теңгеге ықпал ететін сыртқы факторлар. Соның салдарынан қазақстандық экспорттаушылардың тоқсандық салық төлемдері ұлттық валюта бағамына оң әсерін тигізе алмай жатыр. Экономистердің болжауынша, ендігі салықтық аптаның шарықтау шыңы 25 тамызға келіп тұр. Егер осы уақытқа дейін Қытайдағы карантин жеңілдесе, онда теңгенің нығаюы мүмкін. Енді Қазақстан мен Ресейдің ұлттық валюталарын нығайтып, экономикаға соққы болатын сыртқы факторлардың әсерін азайтуға өзара сауда-саттық көмектесуі тиіс. Бұл туралы Еуразиялық даму банкі мемлекеттік талдау орталығының басшысы Алексей Кузнецов мәлімдеді. Ол тараптардың жыл соңына дейін тауар айналымын 20 миллиард доллардан астам сомаға жеткізу туралы болжамдары орынды деп есептейді. Бірақ одақ елдерінің сыртқы сауда көлемі әлемдік нарықтың шамамен 2 пайызын ғана құрайды. Сондықтан банк өкілі осы бағытта атқарылатын жұмыс көп екендігін алға тартты.
-->Мұнайдың арзандап, доллардың қымбаттауы дамушы нарықтардағы валюталардың әлсіреуіне әкеп соқты. Әсіресе мұнай экпорттаушы елдердің ақшасы (ресейлік рубль, америкалық песо, канадалық доллар) АҚШ долларына шаққанда құнсыздау. Олардың қатарында біздің теңге де бар. Жалпы, оның барлығы – теңгеге ықпал ететін сыртқы факторлар. Соның салдарынан қазақстандық экспорттаушылардың тоқсандық салық төлемдері ұлттық валюта бағамына оң әсерін тигізе алмай жатыр. Экономистердің болжауынша, ендігі салықтық аптаның шарықтау шыңы 25 тамызға келіп тұр. Егер осы уақытқа дейін Қытайдағы карантин жеңілдесе, онда теңгенің нығаюы мүмкін. Енді Қазақстан мен Ресейдің ұлттық валюталарын нығайтып, экономикаға соққы болатын сыртқы факторлардың әсерін азайтуға өзара сауда-саттық көмектесуі тиіс. Бұл туралы Еуразиялық даму банкі мемлекеттік талдау орталығының басшысы Алексей Кузнецов мәлімдеді. Ол тараптардың жыл соңына дейін тауар айналымын 20 миллиард доллардан астам сомаға жеткізу туралы болжамдары орынды деп есептейді. Бірақ одақ елдерінің сыртқы сауда көлемі әлемдік нарықтың шамамен 2 пайызын ғана құрайды. Сондықтан банк өкілі осы бағытта атқарылатын жұмыс көп екендігін алға тартты.