Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы испаниялық Паула Бадосамен ойнады. Испаниялық спортшы 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 26 минутқа созылған матч барысында Е.Рыбакина 8 эйс жасағанымен, бірде-бір рет брейкке қол жеткізе алған жоқ. Қарсыласы 5 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. П.Бадоса жартылай финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы чехиялық Каролина Плишковамен таласады. Ол рейтингте 25-орында тұрған америкалық Джессика Пегуланы 6:4, 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді.
-->Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы испаниялық Паула Бадосамен ойнады. Испаниялық спортшы 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 26 минутқа созылған матч барысында Е.Рыбакина 8 эйс жасағанымен, бірде-бір рет брейкке қол жеткізе алған жоқ. Қарсыласы 5 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. П.Бадоса жартылай финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы чехиялық Каролина Плишковамен таласады. Ол рейтингте 25-орында тұрған америкалық Джессика Пегуланы 6:4, 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді.