Елорда жаңалықтары

«Алтын белгі» үміткерлеріне қойылатын талап күшейетін болды

Осы орайда министр талаптардың жыл сайын сатылап, кезең-кезеңмен өзгертіліп жатқанын алға тартты.

Сондай-ақ ол тек бестік деген баға алған оқушылардың ғана «Алтын белгіге» ұсынылуы туралы қағиданы өте маңызды деп санайтынын айтты.

Еске сала кетсек, ҰБТ-да өз орнына басқа қызды кіргізген белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың биыл мектеп бітірген қызы да «Алтын белгі» иеленген.

-->

Осы орайда министр талаптардың жыл сайын сатылап, кезең-кезеңмен өзгертіліп жатқанын алға тартты.

«Өздеріңіз білесіздер, алдыңғы жылы да бұл мәселені көтердік. Біраз өзгерістер енгіздік. Биыл – екінші кезең. Екінші кезең дегеніміз – жылдық 5 бағамен қатар, үміткерлердің 5-11 сыныптардағы бағасы барлық тоқсандық бағаларда 5 болуы керек деген қағида енгізіледі», - деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ ол тек бестік деген баға алған оқушылардың ғана «Алтын белгіге» ұсынылуы туралы қағиданы өте маңызды деп санайтынын айтты.

«Сол үшін осы шешімді қабылдап отырмыз. Түлектерге емтиханды тәуелсіз ұйым өткізетін болады. Бұл реформа оң нәтижесін береді деп сенемін», - деді министр.

Еске сала кетсек, ҰБТ-да өз орнына басқа қызды кіргізген белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың биыл мектеп бітірген қызы да «Алтын белгі» иеленген.