Елорда жаңалықтары

Қазақстанда жолаушылар саны 2 есе азайған

Биылғы қаңтар-шілдеде автомобиль және қалалық электр көлігі компанияларының кірісі 163,3 млрд теңгені құрады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 133 млрд теңге, 2019 жылы 149,2 млрд теңге болған. Сектордағы барлық кірістің үштен екісі, яғни 112,2 млрд теңге жүк тасымалынан түскен. 2020 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда бұл 18,2%-ға артық. Сондай-ақ кірістің 31,3%-ы, яғни 51 млрд теңге жолаушылар тасымалының үлесінде, бұл былтырға қарағанда 33% артық. Оның ішінде автобус тасымалынан түскен табыс – 30,7% (44,7 млрд теңге), такси қызметі – 4,3 есе (2,5 млрд теңге), трамвай – 19,8% (989,2 млн теңге), троллейбус 26,3% (879,2 млн теңге) өскен. Сектордағы кірістің өсуіне қарамастан, жолаушылар тасымалы екінші жыл қатарынан азайып жатыр. Биыл қаңтар-шілдеде жолаушылар тасымалы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 48%-ға кеміп, 3,5 млрд адамға дейін төмендеген. 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 6,7 млрд адам тасымалданған, яғни бір жылда 50,2%-ға кеміп отыр. Такси қызметін 1,1 млрд адам пайдаланса, автобуспен 2,3 млрд адам, трамваймен 15,7 млн адам, троллейбуспен 14 млн адам тасымалданған. 2021 жылғы 7 айда жолаушылар айналымы да 47,9%-ға қысқарған. Көрсеткіш екінші жыл қатарынан төмендеп отыр.    

-->