Елорда жаңалықтары

Малдың субсидиясы сұлулық салонына берілген

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау саласында жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілерінің тіркелгенін, бұл фермерлердің көптеген шағымдарымен және жедел-тергеу практикасымен расталғанын айтты.

-->

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға субсидиялар төлеу фактілері де анықталды. Мысалы, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысы жоқ сұлулық салоны, фармкомпаниялар, жылжымайтын мүлікті жалға беру, автомобильдерді жөндеу саласында аккредиттелген кәсіпорындар сияқты 203 кәсіпкерлік субъектісіне 825 миллион теңгеден астам сомаға асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау саласында субсидиялар берілген», - деді Олжас Бектенов.