Ауғанстаннан 25 қазақстандық эвакуацияланды
Эвакуацияланған қазақстандықтардың 15-і – ересек адам, 10-ы – бала. Одан бөлек, осы ұшақпен Қырғыз Республикасы тарапының өтінішімен 14 қырғыз азаматы жеткізілген. Сондай-ақ Ресей мен Литваның бір-бір азаматы эвакуацияланды. Қауіпті аймақта жұмысын әлі жалғастырып жатқан 10 қазақстандық дипломат бар. Бұл ретте Ауғанстаннан елге қайтқысы келетін қазақстандықтар болса, Кабулдегі елшілікке хабарласуы қажет.
Кабулдағы елшіліктің мәліметінше, Ауғанстанда 15-ке жуық этникалық қазақ отбасы, шамамен 200-ге жуық адам тұрады. Бірақ нақты саны белгісіз. Шалғайдағы аудандарда басқа отбасылар да болуы мүмкін.
-->Эвакуацияланған қазақстандықтардың 15-і – ересек адам, 10-ы – бала. Одан бөлек, осы ұшақпен Қырғыз Республикасы тарапының өтінішімен 14 қырғыз азаматы жеткізілген. Сондай-ақ Ресей мен Литваның бір-бір азаматы эвакуацияланды. Қауіпті аймақта жұмысын әлі жалғастырып жатқан 10 қазақстандық дипломат бар. Бұл ретте Ауғанстаннан елге қайтқысы келетін қазақстандықтар болса, Кабулдегі елшілікке хабарласуы қажет.
«Ауғанстандағы қазақтармен тұрақты байланыстамыз. Кейінгі күндері Қазақстан елшілігіне өзін қазақпын деп таныстыратын түрлі азаматтар тобының жүгіну жағдайлары жиілеп кетті. Бірақ іс жүзінде олар ешқандай дәлел келтіре алмайды. Олардың кейбіреуі қазақ тілінде сөйлемейді және ата-бабаларының Ауғанстан аумағына қоныс аудару тарихы мен ру-тайпалық байланыстары туралы айта алмайды», - дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Кабулдағы елшіліктің мәліметінше, Ауғанстанда 15-ке жуық этникалық қазақ отбасы, шамамен 200-ге жуық адам тұрады. Бірақ нақты саны белгісіз. Шалғайдағы аудандарда басқа отбасылар да болуы мүмкін.