Отбасы банкте қашықтан депозит ашуға болады
Бүгінгі күні онлайн депозитті Отбасы банкінің арнайы оқытылған 300 кеңесшісі арқылы қашықтан ашуға болады. Олардың нөмірлері банк сайтындағы «300 бейне кеңесшінің тізімі» бөлімінде орналастырылған. Ал келесі жылдан бастап Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 1 500 кеңесші депозиттерді қашықтан ашатын болады. Депозитті кәмелеттік жасқа толған кез келген қазақстандық аша алады. Орта есеппен рәсімдеу 10 минуттан аспайды. Бұл қызмет дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін қолжетімді. Қоңырау шалу кезінде клиентке камерасы мен интернетке кіру мүмкіндігі бар смартфон, не планшет, не компьютер мен жеке куәлігі қажет болады. Жыл басынан бері қашықтан 81 163 жаңа депозит ашылды, оның ішінде 50 940 бейнебанк арқылы, 27 744 интернет-банкинг арқылы және 2 479 бейне кеңесшілер арқылы. Банк кеңесшілері көрсете алатын қызмет түрлері кеңейіп келеді. Егер осыған дейін олар несие бойынша төлем қабілеттілігін алдын ала мақұлдау операциясын ғана жүзеге асыра алса, енді несие рәсімдеуге құжаттарды қабылдауға мүмкіндік алды. Төлем қабілеттілігіне кеңесші арқылы алдын ала мақұлдау алған клиенттер, жылжымайтын мүлікті бағалатқаннан кейін, банк бөлімшесіне келмей-ақ, өзіне ыңғайлы кез келген уақытта банк кеңесшісін шақырып, несиелік өтінімді рәсімдеуге арналған құжаттарды өткізе алады. Клиент сайттағы тізімнің ішінен кеңесші таңдап, оған алдын ала қоңырау шалып, кездесуге келіседі. Бұл жағдайда клиенттің телефоны мен жеке куәлігі өзімен бірге болуы тиіс. Егер несие рәсімдеу кезінде қосалқы қарыз алушыны тарту жоспарланса, онда оның қатысуы міндетті болып табылады. Биылғы жеті айда банк кеңесшілері 7 213 несиелік өтінім қабылдады.
-->Бүгінгі күні онлайн депозитті Отбасы банкінің арнайы оқытылған 300 кеңесшісі арқылы қашықтан ашуға болады. Олардың нөмірлері банк сайтындағы «300 бейне кеңесшінің тізімі» бөлімінде орналастырылған. Ал келесі жылдан бастап Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 1 500 кеңесші депозиттерді қашықтан ашатын болады. Депозитті кәмелеттік жасқа толған кез келген қазақстандық аша алады. Орта есеппен рәсімдеу 10 минуттан аспайды. Бұл қызмет дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін қолжетімді. Қоңырау шалу кезінде клиентке камерасы мен интернетке кіру мүмкіндігі бар смартфон, не планшет, не компьютер мен жеке куәлігі қажет болады. Жыл басынан бері қашықтан 81 163 жаңа депозит ашылды, оның ішінде 50 940 бейнебанк арқылы, 27 744 интернет-банкинг арқылы және 2 479 бейне кеңесшілер арқылы. Банк кеңесшілері көрсете алатын қызмет түрлері кеңейіп келеді. Егер осыған дейін олар несие бойынша төлем қабілеттілігін алдын ала мақұлдау операциясын ғана жүзеге асыра алса, енді несие рәсімдеуге құжаттарды қабылдауға мүмкіндік алды. Төлем қабілеттілігіне кеңесші арқылы алдын ала мақұлдау алған клиенттер, жылжымайтын мүлікті бағалатқаннан кейін, банк бөлімшесіне келмей-ақ, өзіне ыңғайлы кез келген уақытта банк кеңесшісін шақырып, несиелік өтінімді рәсімдеуге арналған құжаттарды өткізе алады. Клиент сайттағы тізімнің ішінен кеңесші таңдап, оған алдын ала қоңырау шалып, кездесуге келіседі. Бұл жағдайда клиенттің телефоны мен жеке куәлігі өзімен бірге болуы тиіс. Егер несие рәсімдеу кезінде қосалқы қарыз алушыны тарту жоспарланса, онда оның қатысуы міндетті болып табылады. Биылғы жеті айда банк кеңесшілері 7 213 несиелік өтінім қабылдады.