Ел шекарашылары кәсіби мерекесін атап өтуде
-->
«Шекара қауіпсіздігі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ажырамас бөлігі. Оны елдің саяси және экономикалық мүдделерін мұқият қорғайтын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамдас бөлігі – Шекара қызметі іске асырады. Бүгінгі шекарашылар трансшекаралық қылмысқа, халықаралық терроризм мен экстремизмге, заңсыз көші-қонға, елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзуға сенімді тосқауыл қоя отырып, батыр бабалардың жауынгерлік дәстүрін абыроймен жалғап келеді», - деп жазылған ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында.