Елорда жаңалықтары

Елорда C40 Women4Climate бағдарламасына қатысады

Бағдарлама аясында 10 перспективалы көшбасшы-әйел менторлармен, жеке және мемлекеттік сектордың түрлі салаларындағы көшбасшы әйелдермен жұмыс істейтін болады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша тәлімгерлік бағдарламасына қатысу үшін сауалнама бүгін, яғни 2021 жылдың 17 тамызында c40.org сайтында ашылады. Тәлімгерліктен бөлек, аталмыш бағдарлама әйелдерге климаттың өзгеруі туралы білімін кеңейтуге, сондай-ақ қашықтан оқыту және нетворкинг мүмкіндіктерін қамтамасыз ету арқылы көшбасшылық дағдыларын жақсартуға қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта тәлімгерлік бағдарламалар Аддис-Абеба, Окленд, Барселона, Фритаун, Лиссабон, Лима, Лондон, Мехико, Монреаль, Жаңа Орлеан, Париж, Кито, Тель-Авив-Яффа, Сидней, Торонто және Ванкувер сияқты қалаларда бар. Жоба туралы қосымша ақпаратты бағдарламаның ресми сайттарынан алуға болады: www.c40.org және www.w4c.org.

-->

«Нұр-Сұлтан Women4Climate желісіне қосылатын ТМД және Орталық Азия аймағындағы алғашқы қала болатынын қуана хабарлаймыз. Бұл бағдарлама өз уақытында іске қосылып отыр. Себебі біз қала деңгейінде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтыламыз. Экологиялық тұрғыдан орнықты дамуды қамтамасыз ету басымдықтарымыздың бірі болып саналады. Биыл жаяу жүргіншілерге елордада көлік пайдалануды азайту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Қазір бұл бастаманың оң нәтижесін көріп отырмыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.