Елорда жаңалықтары

ДДСҰ дельта штамымен күресуге әлемдік қауымдастықтан қомақты қаражат сұрады

Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесустың айтуынша, қазір бұл қаражатты таппаса және дельта штамының ең осал елдерде таралуын тоқтатпаса, әлемдік қауымдастық бәрібір келесі жылы "төлеуге" мәжбүр болады. Соманың бір бөлігі - 2,4 миллиард доллар халқының табысы төмен және орташа елдерде тестілеуді жақсартуға жұмсалмақ. Медицина қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1,7 миллиард қажет, коронавирустың ауыр түрлерін емдеу үшін ауруханаларды оттегімен қамтамасыз етуге тағы 1,2 миллиард жұмсалады. ДДСҰ басшысы әлем пандемияның өткір кезеңінде екенін атап өтті. Жаңа штамдардан қауіп те бар. Қазіргі уақытта әлемде "альфа", "бета", "гамма" және "дельта" штамдары басым, бірақ басқа да қауіпті мутациялардың пайда болуы мүмкін. Ұйымның болжамы бойынша, вирустың таралу қарқыны қазіргідей болса, 2022 жылдың қаңтарында SARS-CoV-2 жұқтырғандардың саны 300 миллионнан асуы мүмкін.

-->