Халық санағына волонтерлерді шақырады
Қашан?
2021 жылғы 1 қазаннан 30 қазанға дейін еркін жұмыс кестесімен (бастысы – берілген көлемді орындау).
Қайда?
Санақ волонтерлері елдің барлық аумағында және барлық елді мекендерде қажет.
Не істеу керек?
Үйлерді аралап (әрқайсысына барлық кезеңдер бойынша орташа есеппен 833 адам), жүргізіліп жатқан санақтың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, олардан алынған мәліметтерді жұмыс уақытында берілген арнайы планшетке (барлық қажеттіліктермен) енгізу.
Санақ аяқталғаннан кейін интервьюер күнтізбелік 7 күн ішінде инструктор-бақылаушымен бірге өзіне бекітілген есептік учаскесінде санақ объектілерінің 10% іріктеп тексеріс аралауға қатысуы тиіс.
Волонтер Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшесі басшысының қолы мен мөрі қойылған, фотосуреті бар ресми атаулы куәлікпен қамтамасыз етіледі.
Волонтердің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Ұлттық санақ волонтері (интервьюер) қажет болған жағдайда респонденттерге баруға қатыса алатын инструктор-бақылаушыға тікелей бағынады. Сонымен қатар, өңірлердің Полиция департаменттері интервьюерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жәрдемдеседі – волонтерлер қауіпті аудандардағы респонденттерге учаскелік инспекторлармен бірге бара алады.
Ұлттық санақ волонтерлеріне (интервьюерлерге) қандай талаптар қойылады?
18 жастан асқан ҚР азаматы, бастамашыл, жауапты, ашық, планшетпен жұмыс істей алатын болуы керек. Қазақ және орыс тілдерін білгені жөн.
Волонтер вакцина алған болуы шарт.
Іріктеу, оқыту және келісімшарттар жасасу қалай өтеді?
Сауалнаманы толтырғаннан кейін қатысушылар қыркүйек айының басында аумақтық статистика бөлімшелерінде сұхбатқа шақырылады. Қыркүйек айының соңында іріктелген қатысушыларды өз өңірлерінде 5 күн бойы оқытады. Оқу аяқталғаннан кейін келісімшарттар жасалады.
Волонтер қандай өтемақы алады және қандай сыйақылар бар?
- Міндетті зейнетақы жарналарын, жеке табыс салығын, сондай-ақ, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарын ұстағандағы ақшалай өтемақы 104 179 теңгені құрайды.
- Өңірлерде тегін жол жүру ақысы қарастырылған.
- 2021 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағы логотипі бар волонтер портфелі мен шарфы беріледі.
- Халық санағының қорытындысы бойынша көзге түскен интервьюерлер Ұлттық статистика бюросының, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің атынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен және басқа да ынталандыру түрлерімен марапатталады.
Сауалнама мына жерде толтырылады.
-->Қашан?