Елорда жаңалықтары

Қазақстан Ауғанстанның 70 мың азаматын қабылдай ма? – СІМ түсініктеме берді

Алайда ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров аталған мәліметтің жалған екенін мәлімдеді.

Осы орайда Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли де жоғарыда аталған ақпаратты жоққа шығарды.

-->
«Талибан» лаңкестік ұйымының Ауғанстандағы елді мекендердің көп бөлігін басып алуына байланысты АҚШ Мемлекеттік департаменті Орталық Азияның 5 республикасына АҚШ әскерін қолдаған ауған азаматтарының отбасы мүшелерін орналастыру туралы үндеу жолдады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ауғанстанның 70 мың азаматын қабылдауға рұқсат берді. Оның ішінде 2 мың адам Шымкентке (Түркістан облысына 5 мың адам) орналастырылады. Алғашқы 500 адам 2021 жылы 15 тамызда 21:00-де қала әуежайына келеді. Келушілер Тогус тұрғын алабының №120 орта мектебінде (Еңбекші ауданы) және 1 мамыр көшесіндегі «Оралмандар үйінде» (Абай ауданы, Қастеев атындағы өнер мектебінің бұрынғы жатақханасы) орналасады. Қалған 1,5 мың адам бірнеше күн ішінде келеді», - делінген хабарламада.

Алайда ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров аталған мәліметтің жалған екенін мәлімдеді.

«Бүгінгі күнге дейін таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ауғанстандағы жағдай сағат сайын өзгеріп отыр, сондықтан нақты шешім туралы айтуға әлі ерте», - деді СІМ өкілі.

Осы орайда Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли де жоғарыда аталған ақпаратты жоққа шығарды.

«Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады» деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасына.