Елорда жаңалықтары

Елордаға Sinopharm вакцинасы жеткізілді

Қала әкімдігінің мәліметінше, вакцина қалалық емханаларға, сол сияқты оларға бекітілген сауда ойын-сауық орталықтары (СОО) мен сауда үйлеріне (СҮ) үлестірілетін болады.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы проблемалы жайттарды болдырмас үшін екі компонентті бір пунктен алу керектігін хабарлайды.

Айта кетейік, елордада қала тұрғындарына вакцинаның үш түрі ұсынылады. Олар: ресейлік «Спутник», қазақстандық QazVac вакцинасы және жақында келіп түскен Sinopharm.

-->

Қала әкімдігінің мәліметінше, вакцина қалалық емханаларға, сол сияқты оларға бекітілген сауда ойын-сауық орталықтары (СОО) мен сауда үйлеріне (СҮ) үлестірілетін болады.

«ДДСҰ мақұлдаған екпелер вакцинация пункттеріне жеткізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Бірінші кезекте вакциналар медициналық ұйымдарға қарасты егу пункттеріне жеткізіледі. СОО, СҮ жанындағы әрбір пунктке БМСК ұйымдары бекітілген. Олар вакцинаны алғаннан кейін бір тәулік ішінде сауда орталықтарының егу пункттеріне жеткізеді», - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы проблемалы жайттарды болдырмас үшін екі компонентті бір пунктен алу керектігін хабарлайды.

«Біз қала тұрғындарынан вакцинаның екі компонентін де бір пунктен алуды сұраймыз. Яғни бірінші дозаны емханадан немесе сауда орталығынан алсаңыз, екіншісін де аралық уақытты сақтай отырып, сол орыннан алуды ұсынамыз», - деп атап өтті қалалық Денсаулық сақтау басқармасында.

Айта кетейік, елордада қала тұрғындарына вакцинаның үш түрі ұсынылады. Олар: ресейлік «Спутник», қазақстандық QazVac вакцинасы және жақында келіп түскен Sinopharm.