Елорда жаңалықтары

ҰТО оқуға түсушілердің ата-аналары туралы мәліметтерді анықтамайды – БҒМ

Министрлік мәліметінше, бұл ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жұмыс. Өткен жылы осы норманы қабылдап, бейнежазбаларды алғаш рет қарастырған соң тағайындалып қойған гранттардың күші жарамсыз болып танылған. Ал биыл бейнежазбаларды тексергеннен кейін 19 талапкердің нәтижесі жойылыпты.

Еске сала кетсек, кеше ҰБТ тапсыруға белгілі актер Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа біреудің кіргені туралы ақпарат қоғамда қызу талқыланған болатын.

-->
«Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді тапсыру кезінде анықталған заңбұзушылықтар жөнінде үнемі хабардар етіп отырады. Бөгде тұлғаларды анықтау, сондай-ақ, тыйым салынған заттарды алып кіруге талпыну және оларды пайдалану туралы ақпарат жарияланады. Ереже бұзылған жағдайда, ақпарат автоматты түрде тиісті министрліктің келісімінсіз одан әрі қарастыру мақсатында құқық қорғау органдарына жіберіледі» делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, бұл ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жұмыс. Өткен жылы осы норманы қабылдап, бейнежазбаларды алғаш рет қарастырған соң тағайындалып қойған гранттардың күші жарамсыз болып танылған. Ал биыл бейнежазбаларды тексергеннен кейін 19 талапкердің нәтижесі жойылыпты.

«Осы ретте ҰТО оқуға түсушілердің білім алған мектебі, оның ішінде олардың ата-аналары туралы мәліметтерді анықтамайды», - деді БҒМ баспасөз хатшысы Мөлдір Абдуалиева.

Еске сала кетсек, кеше ҰБТ тапсыруға белгілі актер Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа біреудің кіргені туралы ақпарат қоғамда қызу талқыланған болатын.