Елорда жаңалықтары

«Мысырдан келуі мүмкін»: Жайықта сирек кездесетін құс пайда болды

Жергілікті эколог, «Глобус» ҮЕҰ-ның жетекшісі Галина Чернованың айтуынша, бұл – сулы-батпақты жерде жүретін құс.

-->
«Табиғат аясына, әсіресе өзен жағасына жиі серуенге шығып тұрамын. Бірақ бұрын мұндай құсты кездестірмеген едім. Бұл жолы Жайық өзенінің сол жағалауынан сары түсті құтанды көрдім. Бастапқыда таңданғаным рас», - дейді Юлия Вахмистрова.

Жергілікті эколог, «Глобус» ҮЕҰ-ның жетекшісі Галина Чернованың айтуынша, бұл – сулы-батпақты жерде жүретін құс.

«Сары түсті құтан Мысырдан келуі мүмкін. Біздің өңірде сирек кездесетін бұл құстың жирен түстес түрі бар. Алайда сары құтанға қарағанда үлкенірек болады», - дейді эколог.