Елорда жаңалықтары

Сарыбұлақтағы сенбілік: астаналық жастар өзен бойын қоқыстан тазартты

Аталмыш іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен қалалық волонтерлер штабының мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Волонтерлердің бірі, Еуразия гуманитарлық институты жанындағы колледждің студенті Бекзат Жанысбек осындай игі іске атсалысып жатқанына дән риза.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитовтың айтуынша, волонтерлік эко-шаралар қалада тұрақты түрде өтіп тұрады.

-->

«Биылдан бастап «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлер штабына мүшелікке қабылдандым. Бұған дейін қалада ағаш отырғызу акциясына волонтер ретінде қатысқан болатынмын. Маған осындай эко-акцияларға араласып, қоршаған ортамыздың тазаруына кішкентай болса да үлес қосқан ұнайды. Өзімнің шынымен де пайдалы іспен шұғылданып жатқаныма қуанамын», – дейді ол ағынан жарылып.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитовтың айтуынша, волонтерлік эко-шаралар қалада тұрақты түрде өтіп тұрады.

«Біздің орталық жанындағы волонтерлер штабы үнемі сенбіліктерге шығып, елорданы қоқыстан тазартып отырады. Әр шарада волонтерлер санының артып келе жатқанына қуанамыз. Әсіресе оқушы және студент жастардың волонтерлікпен айналысуға деген ынта-ықыласы ерекше», – дейді орталық өкілі.