Елорда әкімі сыбайлас жемқорлыққа байланысты бірқатар тапсырма берді
Отырысқа Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының м.а. М.Ақылбаев, Полиция департаментінің бастығы Е.Сәденов, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы С.Бейсенова, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Мұратов, аудан әкімдері Е.Бекмырзаев, Б.Жакенова, Н.Нұрсағатов және Е.Байкен қатысты. Комиссия қатысушылары елордада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, вакцинациялаудың жалған электрондық паспорттарын рәсімдеу фактілері бойынша қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы, сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысы туралы мәселелерді қарады. Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз сөзінде тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық үшін үкімдер мен сотталғандар туралы хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Egov.kz деректер базасына "Сovid-19" профилактикасы шеңберінде вакцинациялауды нақты жүргізбестен жалған денсаулық паспорттарын дайындау және өткізу фактілерінің жолын кесу туралы хабарлады. Отырыс нәтижелері бойынша баяндамашылардың ақпараттары комиссия мүшелерімен назарға алынды. Қала әкімі денсаулық сақтау басшысына және аудан әкімдеріне пандемиядан туындаған осындай күрделі кезеңде сыбайлас жемқорлық көріністеріне "мүлдем төзбеушілікті" қалыптастыру жөніндегі шараларды күшейту туралы тапсырмалар берді.
-->Отырысқа Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының м.а. М.Ақылбаев, Полиция департаментінің бастығы Е.Сәденов, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы С.Бейсенова, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Мұратов, аудан әкімдері Е.Бекмырзаев, Б.Жакенова, Н.Нұрсағатов және Е.Байкен қатысты. Комиссия қатысушылары елордада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, вакцинациялаудың жалған электрондық паспорттарын рәсімдеу фактілері бойынша қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы, сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысы туралы мәселелерді қарады. Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз сөзінде тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық үшін үкімдер мен сотталғандар туралы хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Egov.kz деректер базасына "Сovid-19" профилактикасы шеңберінде вакцинациялауды нақты жүргізбестен жалған денсаулық паспорттарын дайындау және өткізу фактілерінің жолын кесу туралы хабарлады. Отырыс нәтижелері бойынша баяндамашылардың ақпараттары комиссия мүшелерімен назарға алынды. Қала әкімі денсаулық сақтау басшысына және аудан әкімдеріне пандемиядан туындаған осындай күрделі кезеңде сыбайлас жемқорлық көріністеріне "мүлдем төзбеушілікті" қалыптастыру жөніндегі шараларды күшейту туралы тапсырмалар берді.