Елорда жаңалықтары

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік интернет компанияларға салық салынбақ

Жоспар бойынша жаңашылдық келер жылдың қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс. Сол кезде шет елде орналасқан, бірақ Қазақстан аумағында электронды қызмет көрсетіп, тауарын сатқан компания тапқан табысынан 12% салық төлейді. Олардың қанша теңгеге сауда жасағанын Кіріс комитетіне банктер беріп отырады. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы қазақстандықтар интернет дүкендерде 700 миллиард теңгеге сауда жасаған. Былтыр бұл көрсеткіш 1,1 триллон теңгеден асты. Ал 2025 жылға қарай онлайн сауда жасайтындар саны 7,5 миллионнан асады деген болжам бар. Яғни сауда айналым өте жоғары. Ұлттық экономика министрлігінің дерегіне сүйенсек, интернет компаниялардан жылына кем дегенде 2 миллиард теңге салық алынуы тиіс. Бүгінде цифрлық салық әлемнің бірнеше елінде бар. Мысалы, Беларусь 2018 жылы, Ресей 2019 жылы, ал Өзбекстан былтыр енгізді. Өзбекстанның өзінде бір ғана Google Commerce Limited компаниясы былтырғы бірінші тоқсанда мемлекетке 85 мың еуро (42 миллион теңгедей) салық төлеген.

-->