Елорда жаңалықтары

Мұндай сұмдық мүмкін бе? Қазақ боксшысының Олимпиадада жеңілуінің шын себебі айтылды

52 келіге дейінгі жартылай финалда Бибосынов Олимпиада чемпионы атанған британиялық Джалал Яфайға төрешілер шешімімен есе жіберді. Алайда сарапшылардың көбі төрешілер қазақ боксшысының ақысын жегені анық деген ойда.

-->

«Яфай мен Батырғазиевті жүлдеге сүйреді. Сәкен Бибосыновты аяқтан шалды. Зоировты Олимпиададан ақырын шығарып тастады, Мирзахалиловты да. Бұл үшеуін аяқтан шалғаны анық. Өйткені алтын үлестіріліп қойған. Жүз пайыз аласың деген мағынада емес, жеңіске жетуге көмектесті. Сәл бірдеңе болса, солардың пайдасына шешіп отырды. 52 мен 57 келіде қулықтары анық көрініп тұрды. Әсіресе Зоировты, Бибосыновты шетке қақты. Сәкен Бибосынов оны жеңгені көрініп-ақ тұрды. Бұған күмән да жоқ. Бибосыновтың қолын көтеру керек болатын. Дегенмен ағылшындарға, ресейліктерге көмектесіп отырды», - дейді арна авторы.