Елорда жаңалықтары

Қазақтың тойы «қылмысқа» айналмасын

Бұл сұрақты қойып отырған себебіміз, бүгінде барлық қоғамдық орындар түнгі 10-ға дейін жұмыс істеп тұр. «Ashyq көшбасшысы» мәртебесі бар нысандарға сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жүйесіндегі басқа нысандарға сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат берілді. Қалалық моншаларда адамдар жеткілікті, кинотеатрлар іске қосылды. Базардан басқа, сауда, ойын-сауық орындары әдеттегі режимде жұмыс істеуде. Демалыс орындарына барсаңыз ығы-жығы халық. Қоғамдық көліктер сірескен жолаушыға толы. Халықтың қамын ойлап ешкім қоғамдық көліктердің санын көбейткен жоқ, қан базарды тарқатқан жоқ, айналып келгенде қазақтың тойына ғана «әлімжеттік» жасап отырған жоқ па деген сұрақ ойға келеді. Рас, тек елімізде емес, бүкіл әлемде ахуал жақсы емес. Бірақ тірлік тоқтаған жоқ. Лайым тоқтамасын. Жиын-той қонағының санын жоғарыда айттық. Қатерлі топқа жататын жасы алпыстан асқандарды шақырмай, бұрынғыдай үзіліспен екі ыстық тамақ ұсынбай, оған кететін уақытты қысқартып, ықшамдап неге өткізбеске?! Сабылтып, ет жақыны болса да басқа өңірлерден келетін қонақтарға шектеу қою керек. Өйткені тойда емес, емін-еркін ұшып жүрген ұшақтар мен пойыздарда да вирус жұқтырудың қаупі басымырақ. Осылайша көптен күткен тойды ұрлық жасағандай тығылып емес, үйренген ортада кішігірім топпен атап өтуге ресми орындардан рұқсат болуы тиіс. Сонда тойханалар да жұмысын бастап, оның айналасында нәпақасын тауып жүргендердің есесі түгенделер еді. Мәселе індетке қарсы шараларды сақтап, тұрмыстық салтын жанашырлықпен реттеп, елдің қуанышының шырқын бұзбай, қазақтың күнделікті әдетінен де қалдырмаудың амалын табу керек. Бірі дүние есігін ашса, енді бірі келместің кемесіне мініп кетіп жатса, енді бір ержетіп отау тігіп, игіліктерге жетіп қуанышын жанашырларымен бөліскісі келсе – оның атын өмір дейді. Өмір бір індетпен тоқтамайтынын өзіңіз де білесіз!

Айгүл Уайсова

-->