Елорда жаңалықтары

Елімізде бес жылда 2 млрд түп ағаш отырғызылады

Жобаны жүзеге асыру үшін барлық облыстар және министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелерінде орман өсірудің 5 жылдық кешенді жоспары бекітілді. Оны әзірлеу кезінде қолданыстағы питомниктердің және отырғызу материалын өсіруді жүзеге асыратын ұйымдардың мүмкіндіктеріне талдау жасалды. Осы деректерге сәйкес, ағаштар мен бұталарды отырғызу жұмыс көлемі бойынша жоспарлы көрсеткіштер әзірленді. Облыстарда отырғызу материалдары жеткіліксіз қамтамасыз етілсе, жоспарлармен жұмыс істеп тұрған питомниктерді кеңейту және уақытша питомниктер құру көзделген. Сондай-ақ орман дақылдарының тұқымын жинау көрсеткіштері ескерілді. Бүгінгі таңда Қазақстанда орман дақылдарының отырғызу материалдарын көбейту мен өсіруді жүзеге асыратын 44 тұрақты және 158 уақытша питомниктер мен ұйымдар жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қарағай, шырша, балқарағай, қайың, шегіршін, сексеуіл, үйеңкі, шаған, емен және басқа да ағаш түрлерінің 1-3 жастағы көшеттері бар. Жалпы - 165,5 млн дана. Айта кетейік, басқа елдерден отырғызу материалдарын сатып алу қарастырылмаған.

-->