Темекіні таңбалау үшін кәсіпкерлерге қымбат жабдық сатып алудың керегі жоқ
Былтырғы 1 қазаннан фильтрлі темекіге, ал биыл 1 сәуірден темекі өнімдерінің басқа түрлеріне міндетті таңбалау енгізілген. Ведомство мәліметінше, Қазақстанда өндірілген немесе елімізге әкелінетін барлық темекі цифрлық маркамен таңбалануы керек. Салық заңнамасына сәйкес өндірушілердің шығынын амортизациялық төлемдер арқылы салықтан шегеру мүмкіндігі қарастырылған.
Сатушы аталған тауардың үлкен көлемін сататын болса, 2D сканерін сатып алуы шарт. Оның бағасы – 25 мың теңге.
-->Былтырғы 1 қазаннан фильтрлі темекіге, ал биыл 1 сәуірден темекі өнімдерінің басқа түрлеріне міндетті таңбалау енгізілген. Ведомство мәліметінше, Қазақстанда өндірілген немесе елімізге әкелінетін барлық темекі цифрлық маркамен таңбалануы керек. Салық заңнамасына сәйкес өндірушілердің шығынын амортизациялық төлемдер арқылы салықтан шегеру мүмкіндігі қарастырылған.
«Темекі өнімдерін сататын бөлшек саудагерлерге, үй маңындағы дүкендерге қымбат жабдық сатып алудың керегі жоқ. Олар темекі өнімдерін таңбалау үшін 2D сканерге балама болып саналатын Naqty Sauda (Android және IOS) мобильді қосымшасын жүктесе жеткілікті. Қосымшаны пайдалану тегін», - делінген хабарламада.
Сатушы аталған тауардың үлкен көлемін сататын болса, 2D сканерін сатып алуы шарт. Оның бағасы – 25 мың теңге.
«Кәсіпкерлер үшін қосымша шығын болмайды. Тауардың басқа түрлерін (сүт өнімдері, қант қосылған сусындар және тағы басқа) таңбалауды салалық министрліктер жүргізеді. Қаржы министрлігі оларға бақылау жүргізбейді әрі әкімшілік шара қолданбайды», - деп жазылған хабарламада.