Елорда жаңалықтары

Кино билеттері тұңғыш рет биткоинға сатылады

Осылайша компания пандемия салдарынан түсіп кеткен сатылым көлемін арттыруды көздеп отыр. Қаңтар айында AMC банкротқа ұшырамас үшін 917 млн АҚШ долларын тартқан болатын. Сол кезде Reddit қолданушылары тарапынан компанияға белсенді қолдау көрсетіліп, бес ай ішінде оның акциялары 1400%-ға өскен-ді. AMC Theatres – әлемдегі ірі кинотеатрлар желісі, оның құрамына АҚШ-тағы 593 кинотеатр, британиялық Odeon және халықаралық UCI Cinemas кинотеатрлар желісі кіреді. Биыл маусымнан бастап биткоин Сальвадордың ресми валютасына айналып, америкалық доллармен тең дәрежеде қолданылатын болды. Ел үкіметі енді 90 күн ішінде криптовалютамен төлем жасауға мүмкіндік беретін инфрақұрылым жасауы тиіс.

-->