Елорда жаңалықтары

Цой Қазақстанда қанша төсек-орын бос екенін айтты

Цойдың сөзінше, бүгінде елдегі төсек-орындардың 46 пайызы бос.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда резервте 7 419 төсек-орын дайын тұр.

-->

Цойдың сөзінше, бүгінде елдегі төсек-орындардың 46 пайызы бос.

"11 тамыздағы жағдай бойынша, 328 медициналық мекемеде 55 658 инфекциялық төсек-орын бар. Оның 54 пайызы бос емес. Инфекциялық стационарларда реанимациялық төсек-орын саны - 4 969, оның 45 пайызы бос емес", - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда резервте 7 419 төсек-орын дайын тұр.

"Инфекциялық төсек-орындарда жатқандар саны Атырау мен Нұр-Сұлтанда көп - 69 пайыз, ал Ақтөбе облысында - 65 пайыз, Алматы мен Жамбыл облысында - 63 пайыздан", - деді Цой.