Елорда жаңалықтары

«Жас қаламгер» мектебі өтініш қабылдауды бастады

Осы жылы министрлік ресми жариялаған Балалар әдебиеті жылы аясында жоспарланған әлеуметтік жобаны «Қазақстан жастарының конвенті» жекеменшік қоры іске асырып отыр. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаның мақсаты – әдебиетке, поэзияға, жалпы шығармашылық пен руханиятқа икемі бар балалар мен жасөспірімдерді бейімдеп, дұрыс бағыт-бағдар беру, поэзия мен проза және драматургия жанрлар бойынша шығарма жазудың құрылысын үйретіп, жөн сілтеу, дарынды балаларды анықтау. «Жас қаламгер» оқыту мектебінде Нұр-Сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін орта мектептері мен кәсіптік-техникалық колледжінің 10-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдеріне драматургия, поэзия, проза бағыттары бойынша арнайы дәрістер өткізілетін болады. Көрсетілген бағыттар бойынша дәрістерді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, танымал айтыс ақыны, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазин, жазушы-драматург Роза Мұқанова, ақын Несіпбек Айтұлы және т.б. секілді танымал мәдениет және өнер қайраткерлері жүргізеді. Сондай-ақ жобаның нәтижесінде әлеуметтік жобаның қатысушылары арасында драматургия, поэзия және проза жанрлары бойынша балалар мен жасөспірімдердің өздерінің шығарған туындыларының байқауы өткізіледі. Ендігі жерде өзін болашақ ақын немесе жазушы ретінде көргісі келетін жас буын өкілдері осы оқыту мектептерінде арнайы білім алуына болады. Оқыту шаралары тегін және оқыту мектебінің күн тәртібі мен жұмыс кестесі бойынша ұйымдастырушылармен 8 701 830 65 30 телефон номері арқылы тікелей байланыс орната аласыздар.

-->