Жеті айда елімізде тұрғын үйлерді алып-сату 16%-ға дейін қымбаттады
Аталмыш құбылыс абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысына да қатысты – ол 0,6% жоғарылады. Жалпы, 2013 жылдан бері елімізде бірді-екілі жылда ғана тұрғын үй бағасы төмендегенмен, көбіне тұрақты өсім байқалады. Мәселен, бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырып отырсақ, жаңа тұрғын үйлерді сату 2013 жылы 9,6%, 2014 жылы 11,5%, 2015 жылы 15,8% көтерілген. Тек 2016 жылы 3,6% төмендеп, одан кейін қайтадан өскен: 2017 жылы – 1,3%, 2018 жылы – 2,6%, 2019 жылы – 6,4%, 2020 жылы – 5%. Ал 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда биылғы шілдедегі баға 9,7% жоғары. Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасына да осындай өсім тән – 2019 жылы 6,2%, 2020 жылы 13,2% өскен, ал 2021 жылғы шілдеде бұл көрсеткіш 16%-ға тең. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі де 2017 жылдан бастап 3-8% аралығында тұрақты өсіп келеді.
-->Аталмыш құбылыс абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысына да қатысты – ол 0,6% жоғарылады. Жалпы, 2013 жылдан бері елімізде бірді-екілі жылда ғана тұрғын үй бағасы төмендегенмен, көбіне тұрақты өсім байқалады. Мәселен, бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырып отырсақ, жаңа тұрғын үйлерді сату 2013 жылы 9,6%, 2014 жылы 11,5%, 2015 жылы 15,8% көтерілген. Тек 2016 жылы 3,6% төмендеп, одан кейін қайтадан өскен: 2017 жылы – 1,3%, 2018 жылы – 2,6%, 2019 жылы – 6,4%, 2020 жылы – 5%. Ал 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда биылғы шілдедегі баға 9,7% жоғары. Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасына да осындай өсім тән – 2019 жылы 6,2%, 2020 жылы 13,2% өскен, ал 2021 жылғы шілдеде бұл көрсеткіш 16%-ға тең. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі де 2017 жылдан бастап 3-8% аралығында тұрақты өсіп келеді.